Ұл ма? Қыз ба?👇 Әзіл болса да, айтары көөп серия🔥Бүгін 18:00 ютубта 4-серия. ҚЫЗЫҚ ФАКТ #1 Бұл серияны біз іштей сценаристер “Ұлбосынның сериясы” деп атаймыз. Себебі Ұлбосынның өз есіміне қатысты әзілдері де, ойлары да көп. Тіпті алдыңғы серияда “Ұлбосын” есімі жайлы ойлар диалогқа да еніп кетті. Оның үстіне менің анамның да аты Ұлбала. Сондықтан бұл өзіме де жақын тақырып. Ал бүгін шығатын 4-серияда дәл осы ұл/қыз күту жайлы кеңірек қозғалады. Ұлбосынның есімі арқау болған бөлім. Сондықтан бұл серия - “Ұлбосынның сериясы”. Екіншіден, #бажа сериалы түсірілімі барысында Ұлбосын Шалқарова негізі шынымен жүкті болды. 7-ай! Прикинь! 7-ай! Нағыз ерлік қой Ұлбосындыкі! Міне! Сондықтан бұл “Ұлбосынның сериясы”Уаймыдамаңыздар, еш қинаған жоқпыз: барлық жағдайын жасап бердік, тіпті “комфортно” жүрсін деп, күйеуі уайымдамасын деп, осы сезонда күйеуінің өзін режиссер қып алдық.🤣 @olzhas_nurbay Осы Олжас болмаса білмеймін қалай боларын👍👏 Уопшым! Түсірілім екі айға созылды, соңына дейін жүрді ғой Бося! Тәнтіміз. Еркексің, Ұлбосын! “Бәсекеден” бері жұмыс істеп келе жатырмыз. Профи ғой! Шексіз құрмет! Осындай әдемі күйде түсірілімді атқарып, жалпы осы сезондағы ең бір ерекше персонажды сомдап, ең бір әдемі әзілдерге, ойларға арқау болды. ЕЕЕҢ ҚЫЗЫҒЫ! Ұлбосын дәл маусымның ең соңғы сериясының ең соңғы кадрын түсіріп біткен сәтте босанды ғой. Не деген расчет деймін да. Осылай “9 ай толғағымыз” бір күнде бітті🤣 Проект деген де бейне бір бала көтерген сияқты ғой: Біз де 9 ай идеясын “көтеріп”, сценариін жазып, түсірілімін бітіріп “бажаның” жаңа сезонын “тудық” сол күні🤣 Сөйтіп түсірілім біткен күні Альтаир Олжасұлы атты батыр дүниеге келді. “Сын полка”, “Бажаның бөпесі” деп әзілдейміз. Айтпақшы! Осы 4-серияда оның алғашқы кадры да бар. Узиде шынымен де Альтаирдың снимогы. Жұрттың баласы тумай жатып киноға түсіп жүр, прикинь. Қысқасы, бұл серия Олжас пен Ұлбосынның ұлының алғашқы ролі. Міне! Сондықтан бұл серия - “Ұлбосынның сериясы”! Әзірше осы. 18:00 де “Ұлбосынның сериясын” ютубта көріңіз! Бөлісіп таратып қолдап қойыңыздар әдеттегідей. Қызықтар көп негізі сериалда. Жалпы осылай жазып тұрайық па?